Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:17:21 by Гость

Зиянды заттардан аулак , такырыпка ангиме

Ответ оставил Гость

Халқымызда «Бірінші байлық-денсаулық»деген сөз бар. Алайда, қазіргі таңда осы басты байлығымызды тұншықтырыпотырған бір дерт, ол - темекіге тәуелділік. Бұл қазіргі ғана емес,болашақ ұрпақтың да денсаулығына ерекше қауіп төндіретін қатер.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, темекішегудің салдарынан болатын аурулардан ХХ ғасырда 100 миллион адам көзжұмған, ағымдағы ХХІ ғасырда темекі Жер планетасының 1 миллиардтұрғынының өмірін алуы мүмкін.Жыл сайын миокард инфарктінен,инсульттен, обырдан, өкпе аурулары мен темекі тұтынумен байланысты өзгеде аурулардан планетада 5 миллионнан астам адам көз жұмады және 600 000жуық адам, оның ішінде төрттен бірін құрайтын балалар, енжар темекішегуден қайтыс болады екен. Әлемде 90% өлім-жітімділік өкпе обырынан,75% созылмалы бронхиттан және 25% жүректің ишемиялық аурулары темекішегушілікпен негізделеді. Әрбір он секунд сайын планетада біршылымқұмарпаз көз жұмады, ал 2020 жылға қарай бұл деңгей үш секундта бірадамнан қайтыс болу деңгейіне жетуі мүмкін. Мұндай қайғылы статистикаҚазақстанда да кеңінен таралып отыр. Халықтың 27 пайызы немесе еліміздіңәрбір төртінші тұрғыны никотинге тәуелділіктен зардап шегуде. Әсіресе,жас балалардың темекі тартатыны көңілді алаңдатады. Олардың 12 пайызы -11 жаста, ал 5 пайызы 9 жаста темекі тартуды бастаған.Республикада 2013 жылғы сәуір айынанбастап сигарет қораптары пиктограммалармен темекішегушілікпен келетінобыр және өкпе эмфиземасы, миокард инфаркті, қол-аяқ гангренасы,белсіздік және бедеулік сияқты аурулардың фотобейнелерімен шығарылатынболады. Сарапшылар осындай шаралардан кейін бір миллионға жуыққазақстандық шылым шегуді тастайтынын болжап отыр.Бірқатар жылдар бойы Қазақстан Үкіметіхалықаралық шарттарға сәйкес темекі өнімінің жарнамасын тыю, қоғамдықжерлерде, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелеріндетемекі шегуге тиым салу сияқты жүйелі темекіге қарсы жұмыстарды атқарыпкеледі. Тек тыйым салумен темекішегушіліктің деңгейін төмендету мүмкінеместігі белгілі, сондықтан ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесеотырып темекішегушілікпен күресу бойынша кешеңді, тұрақты алдын-алужұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Кез-келген азамат өз денсаулығынажауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстану керек.


Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.