Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:43:00 by Гость

Алматы туралы өлең керек еді

Ответ оставил Гость

АЛМАТЫ
Ақша бұлт жаспен жуып көздің нұрын,Алатау жұбатады өз мұңлығын.Алма төс, алтын зерлі бұл шаһардың,Азабы ауырлаған.Сездім бүгін. Үйіріліп ерте соқты тағдыр күзі,Алматы – Алатаудың жалғыз қызы.Сол қыздың қыстығып бір өксігені,Секілді жылап ұшқан қаздың жыры. Адыра қап күймедегі мандатымыз,Алынбай биде кегі, ханда ақымыз.Жырымды тыңдамайды жылап айтқан,Солқылдап жатыр үнсіз Алматы – қыз. Шығыстан соққан дауыл қарға ұласып,Қалды ма тағы дауға зарлы басың.Мен емес!Сені мұнда талақ еткенЖыласа, зар еңіреп хан жыласын! Қып-қызыл намысыңды ит ап қашып,Құзғындар жетті тағы қипақтасып......Тізесін құшып жатқан Алматының,Алатау қояды үнсіз сипап басын. * * * * *                                                                "Алматы - о, менің жаралы жүрегім!"                М.Шаймаран

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.