Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 14:22:30 by Гость

А. құнанбаевтың жетінші қарасөзінде не айтылған?

Ответ оставил Гость

ЖЕТІНШІ СӨЗ

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем,ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанғақонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсемекен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оғанқызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап,сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де,мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «олнемене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?»деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелепбілмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаныболмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынанадамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуатжетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп,бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығыпкететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп,кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамыздыкөбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәндіжанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап,қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күніміздебилеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жандытәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсықарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртынкөргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оныбілмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз.Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз,артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздіңхайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсекте, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осыкүнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды.Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермейталасқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтыпкетеміз.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.