Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 16:02:19 by Гость

Реферат на тему арыш деген3м3з не

Ответ оставил Гость

Ғарыш дегеніміз не?      
      Бұлтсызашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірісолғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсірегеналыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан.Сондықтан олар біздің көзімізге  кішкенежылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнгеұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар .Ең ірілері күнненондаған, тіпті жүздеген есе үлкен.Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жайкөзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Алқазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнешемиллион. Ғалымдардың болжауынша , жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтанасып кетеді.
            Жерге ең жақын жұлдыз Күн.Оның төңірегінде Жерді қоса  есептегенде 9 ірі аспан денесі айналыпжүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады.)Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер.Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олайкөрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегіндепланеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай.Күн және оны айналып жүретін планеталар мен  олардың серіктері күн жүйесін құрайды. Күн жүйесіӘлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана.Ол Галактикадеп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көпмиллиондап саналады.Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық,аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрменөлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығынмиллиметрмен  есептеумен бірдей болареді. Сондықтан ғарыштағы  қашықтық өлшеміүшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады.  Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпентаралады. Ол жерге айдан 1,3 секундта,Күннен 8 минуттан сәл астам уақыттажетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Олда ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. ҚұрамынаКүн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екіншішетіне  жарық 100 мың жылда әрең жетеді.Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай  қашықтықта тұрады.Ғарыш құрамдас бөліктеріне :жұлдыздық жүйелер галактикалар,олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газшоғырлары , әлемнің түкпір түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.