Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:04:52 by Гость

нужен текст на тему ана(мама) на казахском СРОЧНО!!!

Ответ оставил Гость

Ана жайлы ойыңды, айтыптауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен деанамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз даболса жеткізгім келеді.
Ана!Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қанаәріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адамбаласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласыалғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағынаеніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де –«ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашанқамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңажетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшінбар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талайақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңдымеккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңақолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төртбөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парыздыөтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оныңсаған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адамқолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәріанаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтыңқызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемдітербетеді. 
Қорытаайтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашынаақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі еңбақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымызаман болсын!

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.