Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 17:26:11 by Гость

Реферат қымыз бағалы сусын

Ответ оставил Гость

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусынқырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезектеберiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдердеайтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарапбағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.
Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздыңдәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек,тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіптікүшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татығанбарқыт қымыз осындай баппен дәмді.Қымыз Қымыз — халқымыздың бірнешеғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тектағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын,байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқатағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері,салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Көктем туып, құлындағанбие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайыашытқы қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзіішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады.Мұны "қымызмұрындық" дейді. Дайындау әдісіне. касиетіне, сапасына жөнесақталу уакытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөлелі. Және олардың әр түрін жылқы жасына байланысты атайды.

Бал қымыз — бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз; сырқат адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі. 
Сірге жияр қымызы — күздігүні бие ағытарда бірнеше күн жиналған қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен.
Уыз қымыз — бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Май қымызы деп те аталады.
Сары қымы — жаздың ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз.Кош-қоннан қымыз коп шайқалып, коп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып,ашуы білінбей, қымыздың күші оз бойына сіңген сарғылт болады. Сарықымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.

Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болыпотырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттыңкөптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналужүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасызететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобинсинтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып,жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.



Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.