Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:17:44 by Гость

"жусан" туралы шығарма

Ответ оставил Гость

Жусан - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бир не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде-шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 - 60 см,кейде 1,5 - 2метрдей болады. Сәбағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркуйекке дейін гүлдейді. Жемісі - тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан - құнарлы мал азығы,дәрілік,бояуыш,тағамдық,витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан да өсіреді.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.