Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 19:25:37 by Гость

информация о казахских национальных играх и их правила на казахском языке

Ответ оставил Гость

Ұ. о-дың кейбір түрлері төмендегідей:Бөрікпен ұру. Қырағылыққа, мергендікке баулиды.Ойынға бірнеше бала қатысады. Алдымен ескі бөрік домалақтала буылады.Ойыншылардың бірі бөрікті қорғауы, қалғандары оны қорғаушыдан алып кетуітиіс. Бөрікті ұстаған қорғаушы келесі ойыншыны бөрікпен ұрып дәлтигізсе, ол “ұрушыдан“ қашушыға айналады.Тобық жасыру. Сақтыққа, ұқыптылыққа баулитын ойын.Бұған екі адам қатысады. Ертеректе мұны қайнысы мен жеңгесі, балдызы менжездесі, құрбы қыздар мен жігіттер ойнаған. Шарты: екі ойыншының өзаракелісімі бойынша тобықты біреуі жасырады да, екіншісі қай уақытта жәнеқандай (немесе кез келген) жағдайда сұрайтынына уәделеседі. Белгілімерзімде тобықты сұрағанда, жасырушы өз бойынан (қалтасынан,саусақтарының арасынан) алып берсе ұтқаны, ал тауып бермесе ұтылғаны.Келісім бойынша ұтқан адам бәске тігілген затын алады.Тұтқын алу. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді.1-топтың ойыншылары тізбекке тұрып, бір-бірлеп: ал-алай, бұл-алай,сол-алай деп әндетіп, 2-топ жасаған “қолкөпірдің” астынан өте бастайды.Ал “көпір” жасаушы жақ олардың әрқайсысына бір-бірден тас немесе баскиім ұстатады да, атын айтқызады. Бұлардың есіміне өздері шырқағанәндегі “ай” қосылады. Мыс., Нұрқан-ай, Алтын-ай, Күміс-ай. Егер есімінқосылып айта алса, көпірден өтеді, айта алмаса оның көзін таңып“тұтқынға” алып, өз тобына қосады. Осылай қолға түскен “тұтқындар” топортасында өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша әр ойыншы ең аз дегенде бірреттен ортаға шақырылады.Түйілген орамал. Ойын жүргізуші “бір, екі, үш” депдауыстағанда, ойыншылар жан-жаққа бытырап кетеді. Оның біреуінің қолындатүйілген орамал болады. Ойын жүргізуші соны қуалайды. Ал ойыншыларорамалды бір-біріне лақтырып, қуғыншының қолына тигізбеуге тырысады.Орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнеркөрсетеді.Түйе-түйе. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. 1-топтыңадамдары — адамдары — бірі інген де, қалғандары боталар. 2-топтыңойыншылары ойын жүргізушісінің әмірімен жан-жаққа бытырайды да, інгенніңботаларын бір-бірлеп ұрлайды. Барлық ботадан айрылған інген боздап,қайғылы, зарлы да мұңды ән шырқайды, сөйтіп, “қарақшы” топқа тап болады.Осы кезде ойыншылардың барлығы бір жерге жиналады. Ботасын ұрлаған“қарақшылар” қалай қарсы алғандығына қарай інген оларға жаза қолданады.Бұдан кейін інген мен боталардың орнына өзге адамдар шығады да, ойынжалғаса береді.

Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.

Форма вопроса доступна на полной версии этой страницы.