Пожалуйста помогите мне!!!3 загадки про еду на казахском!
Үсті тас, асты тас,Ортасында піскен ас./Таба, нан/.Үсті темір, асты темір,Ортасын ал да кемір./ Таба, нан/.Былқ-былқ ,былқ семіз,Қабырғасы жоқ семіз./Қамыр/.Бар еді бір жұмбағым егін емес,Кісінің егейін десе ебі келмес.Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес./Тұз/.Өзі аппақ қардай,Шайға салсаң балдай./Қант/.Бір қазанның ішінде екі түрлі ас./Жұмыртқа/.Кішкене ақ шыныда екі түрлі су./Жұмыртқа/.Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,Қайнатса оның суы мұз болады./Жұмыртқа/.Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,Бөденені біреу атып жеген екен,Еті арам, сорпасы адал немене екен?/Шай/.Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,Қиын жерден қуанып ауыз толар,Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?/Кесе, шай/.Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,Ойнақтар ор текесі ортасында,Денесі басқалардан ұзынырақ./Қымыз, саба, піспек/.Сылдыр сұйық, анады,Ақ болса да қар емес,Шешуін кім табады?/Сүт/.Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты./Емшек сүті , бес саусақ/.Қырымда бір құдық бар суы батпан,Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың,Бетіне бетегесі шығып жатқан./Айран/.Әрі сусын, әрі дәрі ,Емге ішеді жас пен кәрі.Малдың сүті ,елдің құты,Деп бағалар жұрттың бәрі ./Қымыз/.Шиге жайып кептірген,Өзі қышқыл, түсі ақ ,Сорсаң дәмді, түсі ақ ,Жаңғақтай-ақ домалақ./Құрт/.Мың қойым суға жүзеді,Қойшысы бірге жүзеді./Көже мен шөміш/.Кішкентай құдығымның суы тәтті./Жіліктің майы/.Асты тақтай, үсті тақтай,Арасында асыл мақтай./Жіліктің майы/.Дастарханға түспейді,Қазанда піспейді ,Дәмі аузынан кетпейді ./Ана сүті/.Ашылмайды қабағы,Әркімнің де тамағы.Ашуланса болады,Ұлпадай жұмсақ жабағы./Тоң май/.Алтын алдым жапырақ ,Жатқан жері топырақ,Алтынменен аптаған,Күміспенен қаптаған./Өсімдік майы/.Аппақ қардай,Дәмі балдай ./Балмұздақ/.Қол ауызға берді ,Ауыз жауызға берді ,Жауыз ирек жол арқылыБарлығын қазынаға берді./Ішкен тамақ/.Дегенде емен екен, емен екен,Мен көрсем емен жолы төмен екен.Білімді ақын болсаң мен айтайын,"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?/Нан/.
Форма вопроса доступна на