Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 21:34:22 by Гость

Реферат про город Туркистан наРеферат про город Туркистан на казахском языке

Аватар
Ответ оставил Гость

Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVIғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6 гектар, шахарістаны -23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М.Е.Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастапТүркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж.ж. жүргізіліп зерттеулернәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.Иасы - Күлтөбе қаласы (IVғ.ғ. - ХІVғ. аралығында)Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жердеорналасқан ортағасырлық  қала   орны  Иасы – Күлтөбе Түркістан  қаласы тарихының  орта кезінде деп  есептеледі. Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы – Күлтөбе қаласының  көне  қорымының үстіне салынғандығы бүгіндеанықталып отыр. Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі - цитаделі ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі - 9м. Қаланы 1981 - 1984 ж.ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Е.Ә.Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған   Зерттеу нәтижесіндо қала IV ғасырлардақалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы - Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан) қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.Шауғар - Шойтөбе қаласы(I мыңжылдықтың І-ші жартысы - ХШ - XIV ғ.ғ.)Түркістан қаласынан-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан  ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар - Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі итаделінің көлемі 200 х 180м, биіктігі -12м, шахарістаны - 360 х 300м, биіктігі Зм, оны қоршай қала рабады орналасқан - көлемі 25 гектардан асады. Қалапы 1989-1992ж.ж.  және   1996-1999 ж.ж.  Түркістан  археологиялық  экспедициясы (Л.Б.Ерзакович, Е.Ә.Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталғпн жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі І-ші мыңжылдыктың бірінші жартысы екендігін ғана көрсетеді, келесі - 2000 жылғы зерттеу жұмыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дәлірек анықтайлы деп күтілуде. Қаланы, ХІІІғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахаріне қоныс аударған, алайда, тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік - шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан  екі қоныс салғандығын 1996-1999 ж.ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.Бұл қоныстар XIV ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген. 

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.