Сочинение на тему (школа) на казахском языке
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәріменсусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылышыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп–кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шындардан көрінерін анық. Мен қазіргітаңда Астана қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдететің Ғали Ормановатындағы №7 мектеп- гимназиясында оқимын. Бұл мектепке 2005 жылы шілденің 5- шіжұлдызында ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілінің бірі , белгілі ақын Ғали Ормановтың есімі беріліп,ақын атамызға арналған мұражай ашылды. Ақын есімін беру кешіне Ғали Ормановтың қызы, жиені,замандастары мен шәкірттері келді деседі. Мектебіміздің тұсауын да ҒалиОрмановтың қызы Жәмиға апай менЕлордада Қазақ мектептерінің ашылуыназор үлек қосып жүрген Әсима Темкенқызы кесіпті. Салтанатты рәсімдеудеҚазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат вице-министрі ЕржанБабақұмовтың құттықтау хаты оқылып , ата-аналар тарапынан мұражайға бағалысыйлықтар тарту етілді. Осындай өміріұрпағына өнеге болған белгілі ақын Ғали Ормановтың жуырда «Ғали ғибраты» аттыкеш ұйымдастырылуда. Ол кешке мектебіміздің әр сыныбынан оқушылар қатысып, оныңжырларымен сусындатуға ат салыспақ. Міне, сол аяулыда ардақты мектебімізге бүгінгі күні 20 жыл толып отыр. Осы мектебіміздің туғанкүніне байланысты мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Және сол іс-шараға дамыл таппай ат салысып жүргенаяулы ұстаздарымыз да баршылық. Ойымды қорытындылай келе мен мектебімнің туғанкүніне жүрек жарды бар лебізім жинақтарған мына өлең шумақтарын арнаймын: Мектебім менің,мектебім! Мектебім менің, болашағым өркенім,
Бәрі өзіңде сұлу әуен, көркем үн.
Ылғидағы демеу болсаң артымда ,
Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.
Алтын ордам, білімберіп таспалаған,
Білімімен әрбіршыңға ол тас қалаған.
Ыстығы мен суығына бірге төзіп
Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл анадан.
Мектеп деген-алтын ұям,ардақтар,
Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар
Білім беріп , тәрбиеге үйреткен
Туа берсін өзіңе арналған тармақтар!
