Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 23:43:05 by Гость

Сочинение на тему моя мама на казахском языке

Аватар
Ответ оставил Гость

Бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше адамның сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар. Оның үстіне өзім де жазғым келген. Бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… Сосын ойландым. Анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар?! Әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып?! Әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді! Бірақ жазудың да мақсат-мұраты бар. Бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім. Себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.
Менің анам қатал. Бізді жиі ұрсатын. Сондықтан да бала күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын: Неткен жақсы, баласын ешқашан ұрыспайды. Баласы не істегісі келсе, соны істейді. Баласының айтқанын екі етпей орындайды… Ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын. Әрбір ісімізге, жүріс-тұрысымызға қатты көңіл бөлетін. Ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын. Алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз. Себебі, «Мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін. «Сенің анаң қатал иә?» дейтіндер де болды. Сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.