Аватар
Қазақ тiлi, опубликовано 2018-08-22 13:06:22 by Гость

Есимдиктин сойлемдеги кызмети

Аватар
Ответ оставил Гость

1. есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай) Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ (Ж. Молдағалиев)2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін. (С. Мыңжасарова) Жалғыз сенен айрылып, артыңа қарап тұрдым. (Абай)3. Есімдіктер ілік сектікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүниежүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. Мүсірепов) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол. (Абай) Бұл сұрауға жауап бермей, аз отырып барып сөйлейді (С. Муканов)4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев)5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім – сенсің. Әнеугі келген бала – осы.

Вопрос
Не нашли ответа?
Если вы не нашли ответа на свой вопрос, или сомневаетесь в его правильности, то можете воспользоваться формой ниже и уточнить решение. Или воспользуйтесь формой поиска и найдите похожие ответы по предмету Қазақ тiлi.