Напишите пожалуйста на казахском:О флаге Республики КазахстанаО гербе Республики КазахстанаФИО автора флага Республики КазахстанаФИО автора герба Республики Казахстана
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түстімата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған.Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудыңені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оныңавторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-АманУәлиханов. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түсаясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі.Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған.Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесіорналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, алтөменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың,уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Қазіргі «Менің Қазақстаным» әнұранының авторлары Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
