Сочинение на казахском кем я хочу стать помогите
Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамдаөзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімболуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс.Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болуүлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өзбейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді.Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оныңмамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адамеңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке дегеншабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетінқанат.
Дәрігер- арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек дегената - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөздітереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты дегенеш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жолбермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппенқарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімдідеген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандаймейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетінжандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандықиесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
