Эссе на тему Астана-болашактын каласы
Егеменді еліміздің Елордасы Астана қаласынамерейлі 15 жыл толып отыр. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақмемлекеті. Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктергеқол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, әдебизерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы,әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделдімемлекеттер қатарына қосылды.
Тәуелсіздік басымызға кондырған ең басты бакыт-өзтаңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды озіміз болжауымыз.Осындай таңдаудың бірі - ел Астанасын Сарыарканың киелі аспаны астына,қазақ топырағының кіндік тұсына кошіруіміз. Бұл, шешімнің қаншалыктыманызды екенін әрбір Қазакстандық жақсы біледі. Ал, жас Астана болса,жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он бес жыл ішінде әлемжұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды.
Астана – қазақ елі болашағының каласы. Еліміздің көгілдір туыжелбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың курылысы - жасмемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруыныңерекше символына айналған кұбылыс. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыккаөркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.
Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндейЕлтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелегенӘнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді.Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас каламыз-өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
